Білім министрі мұғалімдер 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын айтты
2019 ж. 18 наурыз
5737
1
Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова Жаңаөзендегі бірқатар нысандарды аралады. Сонымен қатар ведомство басшысы мұғалімдердің 1 шілдеден бастап қанша жалақы алатынын да айтқан деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Күләш Шәмшидинованың айтуынша, 1 шілдеден бастап бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға артады.
Осылайша, жоғары санаты бар қала мұғалімінің жалақысы 158 034 теңге, ауылдық жерлерде -180 908 теңгені құрайтын болады.
Министрдің пікірінше, жалақының артуы мұғалімдердің өмір сүру деңгейін арттырып, жұмыстың сапасына әсер етеді және жас мамандар үшін жақсы ынталандыру болмақ.