Астанадағы газ жарылысы: Үйінді астынан әйелдің мәйіті табылды
2019 ж. 16 наурыз
2287
0
Астанадағы ғимараттардың бірінде болған газ баллоны жарылысынан бір адам қаза тапты. Құтқарушылар үйінді астынан әйел адамның мүрдесін алып шықты.
ТЖК баспасөз мәліметіне сүйенсек, әйелдің денесі сенбіге қараған түні табылған, деп хабарлайды Stan.kz.
Бұған дейін оқиға орнында үш адамның зардап шеккені хабарланды. Сондай-ақ, ғимарат астында есепші қалуы мүмкін деп болжанды.
Айта кетейік, жарылыс жұма күні "МолПродуктсервис" компаниясы ғимаратында орын алды.
1991 және 1970 жылдары туған екі ер адам қалалық №1 ауруханаға жеткізілді. 1979 жылы туған әйел травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтына жатқызылды.