Алматыда 1,6 млн аса электрондық денсаулық паспорттары құрылған
2019 ж. 12 наурыз
2006
0
Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қанат Төсекбаев Қоғамдық кеңес отырысында «2019 жылға Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесін дамыту» жол картасының тұсауын кесті.
Кездесу шеңберінде Қанат Төсекбаев басқармада денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру және жаңғырту бойынша бірқатар іс-шаралар жүргізіліп жатқанын айтты. Медициналық ұйымдардың басшыларын менеджмент бағдарламасы бойынша, сапалы басқарушы құрам қалыптастыра отырып даярлау басталды. Бүгінгі таңда басшыларға арналған 70 KPI индикаторлары бекітілді және еңбек шартына енгізілді. Медициналық мекемелерде госпитальдық сервис бойынша оқыту жүргізіледі, оның барысында алматылық дәрігерлер ұсынылатын медициналық көмектің сапасын барынша арттырып, медициналық қызметтер нарығында бәсекелестікті қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, басқарма басшысының айтуынша, ана мен бала қауіпсіздігі бойынша, медициналық-санитариялық алғашқы көмек жұмысы бойынша, оңалту қызметі және т.б. бойынша оқытулар жүргізіледі.
Айқындылық пен ашықтықты қамтамасыз ету үшін, сыбайлас жемқорлықтық көріністерді ескерту мақсатында медициналық ұйымдардың қаржы ағымына бақылау және мониторинг жүргізіледі. Тұрақты негізде сайтта ұйымдардың табыстары мен шығыстары орналастырылады, онлайн режимде бос басшы лауазымдарына тағайындау кезіндегі сұхбаттасулар көрсетіледі, сондай-ақ, дәрілік заттар мен жабдықтарды сатып алу шараларын орналастыру да қарастырылып отыр.
Дәрілік заттарды электрондық сатып алуға арналған платформа құрылуда, жергілікті бюджеттен сатып алынатын дәрілік препараттарды беруге арналған дәріхана роботын орнату жөніндегі жоба іске асырылуда. Ақысыз негіздегі мұндай жұмыстар Алматы онкология орталығында, балалар ауруханаларында, сонымен қатар қалалық ревматология орталығында орнатылатын болады.
Бүгінгі таңда 1,6 млн. аса электрондық денсаулық паспорттары құрылған, цифрландыруды енгізу оң нәтижелерін берді: емханаға бару 2 есеге дейін азайды, кезекте тұру да 2 есеге дейін қысқарды. Сонымен қатар, электрондық паспорттарды енгізумен барлық жекеменшік медициналық ұйымдар қамтылатын болады.