Бердібек Сапарбаев көпбалалы аналарға жер беруді ұсынды
2019 ж. 01 наурыз
3087
0
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау шараларын күшейту жөнінде айтты, деп хабарлайды Stan.kz.
“Нұр Отан” партиясының соңғы съезінде президент халықтың әл-ауқатын жақсарту, аз қамтылған отбасылар үшін атаулы қолдау көрсету жөнінде жаңа бастамалар ұсынды”, – деді Бердібек Сапарбаев үкімет отырысында.
Министр атаулы әлеуметтік көмек көрсету критерийі 14 849 теңгеден 20 789 теңгеге дейін ұлғайтылатынын атап өтті.
“Екіншіден, көпбалалы аналарға, “Күміс алқа”, “Алтын алқа” иелеріне, мүгедек балаларды асырап отырған ата-аналарға мемлекет есебінен жәрдемақы төленеді”, – деді Бердібек Сапарбаев.
Сонымен қатар аз қамтылған отбасылардан шыққан, балаларға (18 жасқа дейін, егер оқып жатса 23 жасқа дейін) 20 789 теңге мөлшерінде ай сайынғы кепілдендірілген көмек төленетін болады. Бұл орташа алғанда қолданыстағы көмектің мөлшерін 40% -ға арттырады.
“Бұрын бұл жәрдемақы 571 мың адамды қамтыған болса, қазір 830 мыңнан астам адамды қамтиды” – деді Бердібек Сапарбаев.
“Қажетті құжаттар саны азаяды. Бұның жұмысы “е-Халық” АЖ-ні пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Егер қандай да бір ақпарат жоқ болса, онда ата-аналардың келуі міндетті емес. Жергілікті жұмыспен қамту орталықтары мен әкімдіктер тиісті мемлекеттік органдарға сұраулар жібереді және қажетті ақпаратты алады” – деді Бердібек Сапарбаев.
Сапарбаев көпбалалы аналарға жер телімін беруді ұсынды.
“Өңірлерде көптеген кәсіпкерлер көпбалалы отбасыларға баспана алып беріп жатады. Екінші жағдайда отбасылар жер сұрайды. Ол жерге өздері үй салатынын айтып жатады. Алғашқы жарнана өңірдегі бюджет есебінен алу туралы ұсыныс бар. Біз жергілікті әкімдіктерге қосымша көмек көрсетуді тапсырамыз”, – деді Сапарбаев.
Еңбек министрі көпбалалы аналарға көрсетілетін өзге де жңілдіктерді атап өтті.
“Жаңа бизнес идеяларды жүзеге асыру мақсатында көпбалалы ауыл тұрғындарына 505 мың теңгемен 5 мың адамды қамту. Кәсіпкерлер арасында мүгедектігі бар және көпбалалы аналарға 500 мың теңгеден 20 млн теңгеге дейін 10 мың адам адамды қамту. Мүгедек балалар асырап отырған және көпбалалы аналарға үй жағдайында (киім тігу, нан пісір т.б.) әлеуметтік жұмыс орнын ашу және қажетті мамандық бойынша қысқа мерзімді оқумен қамту шаралары қолға алынып отыр”, – дейді министр.
Заңнамалық өзгерістер наурыз айында республикалық бюджеттік комиссияның қарауына беріледі.