Депутат баспанамен қамту жайлы: Жастардың жасын көтеру керек
2019 ж. 19 ақпан
2446
0
Мәжіліс депутаты Гүлнар Иксанова жалға берілетін тұрғын үй алу үшін жастардың жасын көтеруді ұсынды, - деп хабарлайды baq.kz.
«Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге аса бастағаннан бері 19 мың пәтердің 34 пайызы 28 жасқа дейінгі қатысушыларға берілген. Жастардың баспана проблемасын шешу үшін елімізде қажетті ақпарат жоқ. Бұған қоса, тұрғын үй түрлері туралы мәселені қарастырудың уақыты келді. Олар – қолжетімді ипотека, студенттерге ғана емес, жұмысшы жастарға арналған жатақханалар, қызметтік, әлеуметтік баспана, тұрғын үй кооперативтері және жеке құрылыс», - деді Гүлнар Иксанова Жастар саясатына арналған Үкімет сағатында.
Мәжілісмен тұрғындарының саны миллионнан асатын Қазақстанның үш қаласында жастарға баспана беру мәселесі жайлы айтты.
«Жастар жасының жоғарғы шегі ретінде 29 жасты емес, 35 жасты басшылыққа алу керек. Себебі, қазір кейбір бағдарламалар бойынша 29 жастан асып кеткендер баспананы сатып ала алмай қалады. Өйткені, олар келісімшарт бекіткеннен кейін үш жылдан соң 29 жастан асып кетіп жатады», - деді Гүлнар Иксанова.
Бұған дейін Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Астана, Алматы және Шымкент жастары айлық төлемі 12 мың теңгені құрайтын жалдамалы пәтерлерге ие бола алатынын айтқан еді. Бұл баспанаға 29 жасқа дейінгі жастар үміткер бола алады.