Түркістан облысында бесем туылғаны туралы ақпарат жалған боп шықты
2019 ж. 11 ақпан
3204
1
Әлеуметтік желілерге тараған «Түркістан облысында бесем дүниеге келді» деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлайды.
«Түркістан облысында 30 жастығы келіншек 5 егіз баланы бірден дүниеге алып келді. Күтіп жүрген жандарға жұғысты болсын» - деген хабарламалар фейсбук, инстаграмм желілеріне желдей тараған болатын.
Дереккөз: otyrar.kz