Алматыда судьяны 10 мың доллар пара алып жатқан жерінен ұстады
2019 ж. 05 ақпан
2035
1
Алматы қалалық Әуезов ауданы № 2 сотының судьясы Андрей Штейнке 10 мың доллар алып жатқан жерінен ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2019 жылы 2 ақпанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының және Жоғарғы сот ішкі қауіпсіздік бөлімінің мамандарының бірлесіп жүргізген шарасы барысында Андрей Штейнке ұсталғаны айтылады.
Қазіргі уақытта қажетті жедел тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.