Үкімет Жастар жылына 100 млрд теңге бөлді
2019 ж. 30 қаңтар
3997
1
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарабаевтың қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жастар жылына бюджеттен бөлінетін қаржы сомасын атады, - деп жазады baq.kz.
«Жастар жылын ресми түрде бастап бердіңіз. Оның барысында сіз жастарды жан-жақты қолдауға бағытталған жаңа бастамалар жарияладыңыз. Сіз берген тапсырмаларды орындау үшін Үкімет нақты шаралар мен оларды оларды қаржылық қамтамасыз ететін тиісті жол картасын бекітті. Жалпы Жастар жылына арналған іс-шараларды жүзеге асыру үшін алдағы үш жылда қосымша шамамен 100 млрд теңге бөлінеді», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары. Ол Үкімет экономиканы одан әрі әртараптандыру және қазақстандықтардың әл-ауқаты және тұрмыс деңгейін арттыруға бағытталған мемлекет басшысының тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау бойынша жұмыстарды жалғастыратынын атап өтті.