Ұлттық ұлан әскери қызметшісі өзін-өзі атып тастады
2019 ж. 25 қаңтар
2484
0
Ұзынағаштағы (Алматы облысы) әскери бөлімде Ұлттық ұлан әскери қызметшісі қаза болды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады.
"2019 жылдың 23 қаңтарында түнгі сағат 01.35-тер шамасында ішкі қарауылда қызмет атқарып тұрған әскери қызметкер өз атына бекітілген қарумен өзінің басынан атып, алған жарақаты салдарынан қаза болды. Ол 2018 жылдың маусымында Астана қалалық қорғаныс істері департаменті арқылы шақырылған", — деп жазылған хабарламада.
Аталған дерек бойынша материалдар Алматы әскери-тергеу басқармасында сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, қызметтік тексеру тағайындалды.
Қатардағы әскери қызметкердің неліктен өзіне қол жұмсағаны анықталып жатыр.