«Жастар жылы» әрбір жас буынға серпіліс береді - Медет Камалұлы
2019 ж. 24 қаңтар
4314
1
Әу бастан Елбасының жастарға деген қамқорлығы ерекше. Өйткені, жастар қашан да қоғамның қозғаушы күші болып табылады. Сондықтан да жастар саясатын қалыптастыруға, олардың өзекті мәселелерін шешуге мемлекет тарапынан ұдайы көңіл бөлініп келеді. Қоғамның маңызды бөлігін құрайтын жастарға үлкен мүмкіндіктер берілген де. Биылғы «Жастар жылы» әрбір жас буынға серпіліс берері сөзсіз.
[caption id="attachment_95016" align="alignleft" width="217"] М. Камалұлы[/caption]Бүгінгі жастар креативті пікірге ие. Шыны керек, қазір жастар арасында соңғы инновациялық технологияларды пайдалану арқылы жобалар ұсынып жүргендері аз емес. Түрлі жаңа технологияның игіліктерін біліп, көріп жүрген де солар. Инновациялық жобаларды халықаралық деңгейдегі сайыстарға қатыстырып, арнайы грант ұтып алған жастар қаншама?! Баланың бәрі талантты, білім алуға құштар. Алайда, олармен жұмыс істеп, білім мен ғылымға деген қызығушылығын ашып, арттыру керек. Құдайға шүкір, қазір біздің оқушыларымыз түрлі байқауларда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болуда. Мұның өзі ұстаз үшін абырой.
Өткен жылы Алматыда ТМД елдері тарихында тұңғыш рет футзалдан студенттер арасында әлем чемпионатының жалауы желбіреді. Теңбіл доп додасының біздің шаһарда өтуінің басы-қасында болып, өз септігімізді қосып, оның ұйымдастырылу жағында жүрдік. Жыл сайын мектеп оқушылары арасында «Робототехника» сайысын өткіземіз. Шахматшы Жансая Әбдімәлік біздің колледжіміздің 3-курс студенті. Үстіміздегі жылы
Жансая Әбдімәлік атындағы Шахмат академиясымен бірігіп республикалық шахмат турнирін өткізуді жоспарлап отырмыз.
Медет Камалұлы, Алматы қалалық Инновациялық техникалық колледждің директоры