Қырғызстан шекарасында қазақстандықты атып кетті: СІМ пікір білдірді
2019 ж. 24 қаңтар
2101
1
Сыртқы істер министрлігінің өкілдері Қырғызстан шекарасындағы қазақстандық азаматтың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметінің басшысы Айбек Смадияровқа сілтеме жасап.
Қазақстандық дипломаттар Қырғызстан тарапынан осы оқиғаның толық-мән жайын айтып беруді сұрады.
"Оқиғаның барлық мән-жайы анықталған соң біздің елшіліктегілер құқықтық және ұйымдастырушылық шараларды жүргізіп, қаза тапқан жігіттің құжаттарын рәсімдеп, оны елге жеткізеді", - деді Смадияров.
Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қырғызстанның шекаралық және консулдық қызметі қажетті шараларды жүргізіп жатыр.
Еске салайық, мұның алдында Қырғызстан шекарасында қазақстандық 23 жастағы жігіттің қайтысб болғаны хабарланған еді. 23 қаңтарда Тараз шекара отрядының "Жасөркен" заставасына қарама-қарсы жерде Қырғызcтанның шекара жасағы 10 жылқыны Қырғызстаннан Қазақстанға айдап өтпекші болған 3 шекара бұзушыны ұстаған.
Ұстау кезінде шекара бұзушылар суық қаруды қолдану арқылы қарсылық көрсеткен. Нәтижесінде олардың бірі оқ тиген жарақат алған. Қалған екеуі жылқылармен Қазақстан аумағында жасырынған. Сағат 12.15-те оқ жарақатын алған шекара бұзушы (ҚР азаматы, тергеу мүддесінде белгілік мәліметтері жарияланбайды) Талас ауылы ауруханасына тасымалдау кезінде қайтыс болған.