Есімовтың есебі
2010 ж. 25 ақпан
1313
1
Жуырда Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов халыққа есеп беру жиынын өткізді. Жиында өткен 2009 жылда атқарылған шаруаларды баяндалып, оңтүстік астанадағы экологиялық ахуал жайы сөз болды.
Жиналған жұртшылықты қала тазалығын сақтауға шақыра келе, ол былай деді: «Биыл бюджет қаржысы және жеке инвесторлар мен «ҚазТрансГаз» компаниясының есебінен 30 шақырымға жуық газ желісі тартылады. Ал алдағы 2-3 жылдың көлемінде жеке сектордағы үйлерді табиғи газға ауыстыруды аяқтауды алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз». Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, қаладағы экологиялық ахуалды жақсартуда бұл мәселеге айрықша көңіл бөлініп отыр. Өйткені білікті мамандардың зерттеуінше ауаға таралатын улы газдардың 7 пайызы жеке сектордағы үйлерден бөлінеді. Қазір Алматыда жалпы 84 мың жеке үй бар. Оның 20 пайызы қатты отынмен жылытылады. Бүгінгі таңда сондай-ақ газбен қамтылған аудандарда да кейбір тұрғындар отын ретінде ауаны ластайтын көлік дөңгелектерін, пластмасса, резина және тағы басқа заттарды қолдануын жалғастырып келе жатқаны белгілі болып отыр. Осыған байланысты Ахметжан Смағұлұлы Табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастығына ауа бассейнін ластауды қатаң қадағалап, тәртіпті қатайтуға тапсырма берді.
Айдос ИМАНТАЕВ