Шардаралық шаруалар мал шаруашылығын дамытуда алдыңғы орында
2019 ж. 15 қаңтар
2468
0
Шардара ауданы былтыр «Агроөнеркәсіп кешенінің даму бағдарламасы көрсеткіштерін озат орындаған аудан» және «Ірі қара мал басын асылдандыру бойынша озат аудан» номинациялары бойынша Түркістан облысында бірінші орынды иеленді.
Ауданда бүгінде 171 мал бордақылау алаңы жұмыс жасайды. Шағын жанұялық фермерлер құру тапсырмасы 25 бірлік болып бекітілсе, жоспар 29 бірлікке орындалды.
Талғат Әлімқұлов, Шардара ауданының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы: «Биыл жиналатын астықтан күздік бидай 500 гектарға егілді. Жер жырту жұмыстары 43 мың гектарға межеленіп, 50-ден астам пайызы орындалған. Былтыр көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін Үкімет тарапынан 2 860 тонна жеңілдетілген жанар-жағармай бөлініп, күзгі дала жұмыстарына 3055 тоннасы үлестірілді».
Республикалық және облыстық бюджет есебінен ағын суды жеткізіп беру құнын арзандатуға 25 млн-нан сатам, тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауда 84,5 млн.гербицидтердің құнын арзандатуға 74,3 млн. теңге қаржы бөлінді. Сондай-ақ » Сыбаға» бағдарламасын қолдауға 74,3 млн. теңге, «Алтын асық» бағдарламасын қолдауға 36,8 млн. теңге , «Құлан» бағдарламасы бойынша 0,3 млн. мал өнімдеріне 12,48 млн. теңгеге субсидияланды.
Дереккөз: otyrar.kz