Азат Перуашев "Тұрғын үй жинақ құрылыс" банкінде болды
2018 ж. 29 желтоқсан
3366
0
Бүгін "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Алматыда "Тұрғын үй-жинақ құрылыс" банкінде болды. Ол партия жұмысы туралы сөз сөйледі, - деп хабарлайды "Қазақ үні" ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар банк қызметкерлерін "Ақ жол" партиясы шығарған "Астана қаласына 20 жыл" медалымен марапаттады. Банк қызмметкерлерін партия мүшелігі билетін тапсырды.
"Тұрғын үй жинақ құрылыс" банк басқармасы төрайымы Ләззат Ибрагимова банк жұмысымен таныстырып өтті. Тек биылдың өзінде 38 мың баспана берілгенін атап өтті. "Ақ жол" партиясына алғысын айтты.
Жиынға "Ақ жол" партиясы төрағасы орынбасары Қазыбек Иса мен партияның Алматы қалалық филиалы төрағасы Нұрлан Жазылбеков қатысты.