Жеңіс Қасымбек жаңадан құрылған министрлікке басшылық етеді
2018 ж. 26 желтоқсан
4732
0
Жеңіс Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
- Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болып тағайындалсын. Ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын, - делінген Жарлықта.
Атап өтейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі болып қайта құрылды.