Аяз жүреді: Қазақстанда осы аптадағы ауа-райы қандай болады
2018 ж. 24 желтоқсан
3100
0
Дүйсенбі төмен ауа температурасымен басталады. Еліміздің көп облысында күн аязды болады, - деп жазды stan.kz.
Астанада 24 желтоқсанда күн бұлтты болады. Жауын-шашын болмайды. 22-22 градус аяз болады. Түнде 26-28 градус аяз жүреді. Желдің жылдамдығы 8 м/с-қа дейін жетеді.
Алматыда күн бұлтты, жауын-шашын жаумайды. Күндіз 0-ден 2-градксқа дейін, түнде 7 градусқа дейін аяз болмақ.
Шымкентте 1-ден 3 градксқа дейін, түнде 3-5 градустық аяз болады. Орталық Қазақстанда 29 градусқа дейін аяз болмақ. Шығыс Қазақстанда апта жауын-шашынсыз өтеді. Ауа температурасы 29 градус аяз болады
Батыс Қазақстанда мамандар жауын жауып, соңы қарға ұласады деп болжады. Ауа температурасы 2-3 градустық қалыпта болады.
Солтүстік Қазақстанда кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз жүреді. Қызылорда облысында жел соғып, тұман түседі. Жер көктайғақтанады.
25 желтоқсанда Астанада оңтүстік-шығыс бағытта 5-10 м/с жылдамдықтажел соғады. Түнде температура -30…-32 °С, күндіз 20…-22 °С болады.
26 желтоқсанда жауын-шашынсыз болады. Түнде -27…-29 °С, күндіз -17…-19 °С аяз болады.