Ақтауда жарылыс: Екі адам көз жұмып, үшеуі жараланды
2018 ж. 12 желтоқсан
2209
0
Ақтауда “ҚазМұнайГаз” бекеті маңында жарылыс болды. Екі адам мерт болды.
Одан бөлек үш адам жараланды, деп жазады «Лада».
Басылым мәліметінше, бейресми мәліметке сәйкес, граната жарылған. Оқыс оқиға сағат кешкі бестер шамасында болды. Оқиға орнында полицелер тексеру жүргізуде. Аумақ қоршауға алынды. Төтенше жағдай департаменті кейінірек ақпарат жариялайды.
Облыстық денсаулық сақтау департаменті марқұмдар мен зардап шеккендер жайлы ақпаратты растады. Зардап шеккендердің бірі ауыр жағдайда. Екеуі орташа ауыр жағдайда.
Тәржімалаған: stan.kz