Министр ұялы телефон нөмірін тіркемегендерге не болатынын айтты
2018 ж. 11 желтоқсан
8153
0
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев елімізде 26 миллион құрылғының тек 14 миллионы IMEI-кодтарын тіркегеніне қарамастан, жаңажылдық түнде жұрт байланыссыз қалмайтынына сендірді.
Бұл туралы Мәжілістегі жиынға сілтеме жасап, Tengrinews.kz хабарлады.
2019 жылы 1-қаңтарда ұялы телефон қолданушысының міндетті түрде тіркелуі туралы заң күшіне енеді.
Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Михаил Чириков осы мерзімге дейін тіркелмегендер байланыссыз қалатыны туралы болжаған еді.
«Жарияланған мәліметке сәйкес, 26 миллион абоненттің 14 миллионы тіркелген, бұл жартысынан сәл ғана көп. Бірнеше миллион қазақстандық жаңажылдық түнде және одан кейінгі күндерде байланыссыз қалады деп болжауға болады», — деді депутат министрге.
Министр қажетті жұмыстардың жүргізіліп жатқаны туралы айтты.
«Әрине, барлығы алаңдап жүр, алайда тіркелмейді. Бізде 26 миллион қолданушы бар, ал — 18 миллион, яғни бір адамда бірнеше (3-4) телефон бар деген сөз. Қазіргі уақытта халықтың 70 пайызы тіркелді», — деп түсіндірді Абаев.
Оның айтуынша, 2-3 пайыз мүлде тіркелмейді екен.
«Менің ойымша, еш қиындық болмайды. Жаңа жылда адамдар байланыссыз қалмайды», — деді министр.