Астанадағы көшеге Джордж Буштың есімін беру ұсынылды
2018 ж. 03 желтоқсан
3311
1
Астанадағы бір көшеге дүниеден озған АҚШ-тың 41-ші президенті Джордж Буштың есімін беру туралы ұсыныс айтылды. Мұндай ұсынысты белгілі қоғам белсендісі, саясаттанушы Айдос Сарым өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жасады.
Бұл туралы newsasia.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
— АҚШ-тың президенті Джордж Буш дүниеден озыпты. Қайырын берсін. Кеңестер Одағының бейбіт тарап, көптеген геосаяси шиеленістерді шешуге ат салысқан тарихи тұлға. Біз үшін маңыздысы — қазақ мемлекетінің Тәуелсіздігін алғашқы болып мойындаған шетел президенті. Әділеті Астанадағы бір көшеге Джордж Буш есімі берілсе артық болмас, — деп жазды Сарым.