35 градусқа дейін аяз: Желтоқсан айында ауа райы қандай болады
2018 ж. 02 желтоқсан
3730
0
Синоптиктердің мәліметінше, желтоқсан айының басында еліміздің барлық аймағында күн суытады. Тұман болып, жер көктайғақтанады, - деп хабарлады stan.kz.
1 мен 5 желтоқсан аралығында батыс аймақ пен солтүстік-батыс өңірде ауа райы 5-10 градусқа, түнде 20 градусқа төмендейді.
Солтүстік пен шығыс, орталық Қазақстанда алғашқы онкүндікте ауа райы 10-18 градус аяз, түнде 15-25 градус аяз болады.
Аяздан соң күн қайта жылынады. Солтүстік жартышарда күн 0-5 градусқа дейін жылынады. Оңтүстік жартышарда 3 градусқа дейін жылынады.
Кезекті рет күн Тәуелсіздік күніне қарай суытады. Үшінші онкүндікте солтүстікте 25-35 градус, түнде 15-25 градус аяз болады.
Синоптикатерідң айтуынша, орташа ауа температурасы солтүстік, шығыс Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облысында қалыптан 1 гардусқа төмен болады.
Атырау, Батыс Қазақстан облысында, байқа аймақтарда қалыпта 1 градусқа жоғары болады.
Маңғыстау облысында айлық жауын-шашын мөлшері қалыптан төмен, БҚО-да қалыпқа жуық, Атырау, Түркістан облысы, Жамбыл, ШҚО-да қалыптан жоғары болады. Қызылорда, Қарағанды, Маңғыстау облысының кей жерінде қалыптан көп мөлшерде жауын-шашынды болады.