Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін
2018 ж. 28 қараша
5179
0
Түркістан облысының Түлкібас ауданының атауы өзгеруі мүмкін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 20 қарашадағы № 782 қаулысына сәйкес, Түркістан облысының Түлкібас ауданын Түркібасы деп қайта атау туралы Жарлық жобасы Елбасы қарауына енгізілген.
Айта кетсек, тиісті Қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған.