Шығыс Қазақстан облысында сарбаз өзін-өзі атып, көз жұмды
2018 ж. 22 қараша
2673
0
Борышын өтеуге биыл мамырда шақыртылған 19 жастағы сарбаз 17-қарашада шекара заставына қайтып келе жатқан жолда атылып, көз жұмды.
Бұл мәліметті ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіндегілер растады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, жігіт Алматы облыстық Қарасай ҚІО-дан шақыртылған.
«Бекітілген автоматпен оң жақ кеуде тұсына оқ атқан. Оны Зайсан қалалық орталық аудандық ауруханаға шұғыл тасымалдау шарасы жүргізілген. 14.00-де жедел жәрдем дәрігерлері орталық ауруханаға алып бара жатқан жолда сарбаз қайтыс болды, диагнозы — оң жақ кеуде тұсына оқ тиген», — делінген хабарламада.
Өлім дерегі бойынша әскери тергеу органдары ҚР Қылмыстық кодексінің «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бабының 1-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Күдіктілер әлі анықталмаған.