Алик Айдарбаев «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды
2018 ж. 20 қараша
2383
0
Бүгін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жаңа басқарма төрағасын таныстырды. Жаңа басшы - Алик Айдарбаев.
А. Айдарбаев әр жылдарда «Оңтүстік Мұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кәсіпорынның аты кейіннен «Торғай Петролиум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ компанияларында басшы лауазымдарын атқарған. 2011-2013 жылдары «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ бас директоры болған. 2013 жылдан 2017 жылға дейін Маңғыстау облысының әкімі, 2017 жылдың наурызынан 2018 жылдың қаңтарына дейін ҚР Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі болды.
2018 жылғы 15 қаңтардан бері «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарып келді.
Дереккөз: inform.kz