Қарағандыда өлген адамның мүрдесін саудаға салғандарға қатысты сот процесі басталды
2018 ж. 07 қараша
2344
1
Қарағандыда сот-медициналық сараптама институтының басшыларына қатысты сот процесі басталды. Олар өлген адамның денесіне өздері сараптама жүргізудің орнына, оны ақылы түрде жасайтын жеке мекемелерге жіберіп отырған.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Ал есесіне, сол мекемелерден үнемі 35-40 мың теңге көлемінде пара алып келген. Себебі олар қайғы жамылып келгендерге денені беруді түрлі сылтаумен созбалаңға салатын көрінеді. Амалы таусылғандарды жекеменшік сот сарапшыларына жолдап отырған. Қара жамылғандарға жасаған «қызметі» үшін кезекті қаражатты алып жатқанда, институт директоры Жанат Ибатовтың қолына кісен салынды.
Тергеу барысында осы қылмысқа оның орынбасарларының бірі шатылғаны әшкереленген. Екеуі де кінәсін бірден мойындап, ағынан жарылды. Сондықтан олар ешқайда кетпеу туралы қолхатпен бостандықта жүр.