Петропавлда озат оқушы келесі сыныпқа көшпей қалған
2018 ж. 07 қараша
2002
0
ҚР Білім және ғылым министрлігіндегілер Петропавлда бір сыныпты екінші қайтара оқуға мәжбүр болған екінші сынып оқушысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.
Білім және ғылым министрлігінде түсіндіргендей, оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешімді мектептің педагогикалық кеңесі шығарады.
«ҚР «Білім туралы» Заңының 44-бабы 9-бөліміне (Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады) сәйкес, бастауыш және орта білім беруді ұйымдастыруда педагогикалық кеңесін қызметін ұйымдастырудың типтік ережелері бекітілген. Аталған ереженің 5-бөліміне сәйкес, мектептің педагогикалық кеңесі оқушылардың аралық және қорытынды аттестациясын өткізу, сонымен қатар оқушыларды келесі сыныпқа көшіру бойынша шешімді өзі қабылдайды», – делінеді хабарламасында.
Министрлік мәліметінше, оқушы қыздың бастауыш деңгейдегі 1,2-сыныптардың оқу бағдарламаларын жақсы меңгергенін ескере отырып, мектептің педагогикалық кеңесі ол оқушыны келесі сыныпқа көшіру туралы шешім шығаруға құқылы.
Еске сала кетсек, бұған дейін Петропавлда бір оқу жылында 1 және 2-сыныптарды қатар оқыған қыздың екінші сыныпты қайта оқуға мәжбүр болғаны хабарланған еді.