Ақмола облысында жанармайға су қосып сатқан
2018 ж. 02 қараша
1874
1
Су қосылған жанармай. Ақмола облысының Щучье қаласында жанармай құйғаннан кейін бірнеше көлік оталмай қалған. Жолда қалған жүргізушілер жағармай бекеті бензинге су қосып жатыр деп дабыл қағады.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Щучьедегі бекеттен жанармай құйғаннан кейін көп ұзай алмаған 4 автокөлік сол жерде қалған. Қарашаның қара суығында далада екі күн тұрып, көлігін от алдыра алмаған жүргізушілер бензиннен күдіктенеді. Өз бетімен тексеру жүргізгендер, 5 литр сұйықтықтың 90 пайызы су болып шықты дейді. Ал бекет иесі қандай да бір пікір білдіруден бас тартты. Мамандар болса, бензинге су араласуы салғырттықтан болуы мүмкін екенін айтады.
«Жанармай құрамында су бар,бірақ су жанармайға қосылмайды.Мүмкін жер астындағы цистерна тесіліп қалған шығар. Ыдыс тазартылмауы да ғажап емес. Бұл адами фактор», деді сынақ зертханасының басшысы.