Сыртқы істер вице-министрінің миы шайқалып, ауруханаға түсті
2018 ж. 17 қазан
2453
0
Астанада сыртқы істер вице-министрі көктайғақтан зардап шекті. Мұхтар Тілеуберді аяғы тайып құлап, миы шайқалып, ауруханаға түскен.
Бұл туралы sputniknews.kz хабарлады."СІМ басшысының орынбасары ауруханада емделіп жатыр. Әйелімен бірге отбасылық отырыстан қайтып келе жатады. Сенбіде, алғаш қар жауған күні болған. Аяғы тайып құлап, асфальтқа басын соғыпты", — деп мәлімет берді сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметі.
Тілеубердіге жедел жәрдемді әйелі шақырыпты. Вице-министрді ауруханаға жатқызған.
Естеріңізге сала кетсек, өткен демалыста Қазақстанда алғашқы қар жауды, кей өңірлерде бірден еріп кетсе, біраз аймақты қар жамылғысы басып қалды.