"Қазақстан-2050" Жалпыұлттық Коалициясының отырысында Елбасы Жолдауы талқыланды
2018 ж. 06 қазан
2840
1
Демократиялық күштердің "Қазақстан-2050" Жалпыұлттық Коалициясының Елбасының кешегі кезекті Жолдауын талқылауға арналған отырысы басталды. Жиынды ашып, жүргізіп отырған "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев алғашқы сөзді "Ақ жол" партиясы төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашқа берді.
"Ақ жол" партиясы жетекшісі Елбасы Жолдауының маңызына, қарапайым xалыққа арналған әлеуметтік әлеуетіне баса назар аударды. Салық раxымшылығының кәсіпкерлерге үлкен қолдау екеніне тоқталды. Сонымен бірге Азат Тұрлыбекұлы Елбасы Жолдауындағы спорт нысандарын ашу туралы бастамасына жауап ретінде "Ақ жол" партиясы Түркістан облысы филиалы төрағасы, кәсіпкер Әлімxан Әбжановтың бүгін Шымкент қаласында World Class спорт клубы ашылуы болатынын үлгі етіп айтты.
Одан кейін сөйлеген депутат Жамбыл Артықбеков те, сенатор Бақытжан Жұмағұлов та, "Атамекен" Ұлттық палатасы басқармасы төрағасы Абылай Мырзаxметов те, ҚР Кәсіподақтары федерациясы төрағасы Бақытжан Әбдірайымов та, депутат Бақтияр Мәкен де тек мемлекеттік тілде сөйледі.
"Әжептәуір ән еді, пұшық шіркін бүлдірді" дегендей, "Азаматтық альянс" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылбек Қожаxметов тек Ресейдің мемлекеттік тілінде сөйлеп бүлдірді. Мұндай "Азаматтығыңа" болайын, Асылбек мырза!".
"Бірлік" партиясының жетекшісі Төлеген Қуанышев та қуандырмай, қуартып, тек Ресей тілінде сөйледі. Бұл келеңсіз жәйтке жиыннан кейін сөзге тартқанымызда белгілі жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкеннен бастап, біраз адам наразылықтарын білдірді.
Коалиция отырысында бірлескен Үндеу қабылданды.
Қазақ үні