Назарбаев ең төменгі жалақыны өсіруді тапсырды
2018 ж. 05 қазан
1931
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында қазақстандықтардың ең төменгі жалақысын бір жарым есеге өсіруді тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Үкіметтегілерге 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап минималды жалақыны бір жарым есеге - 28 мыңнан 42 мың теңгеге дейін өсіруді тапсырамын. Бұл әрбір қазақстандық үшін көмек болады. Бұл барлық салада, түрлі меншікті кәсіпорындарда жұмыс істеп жүрген 1,3 миллион адамның жалақысын өсіреді", - деді Президент.