Өскеменде аспаннан күл жауды
2018 ж. 28 қыркүйек
2120
0
Экология департаментінің қызметкерлері күлді зертханаға алып кетті.
Өскемендегі Питер коммуналары көшесін күл басып қалды. Алайда тұрғындар оның қайдан және қалай келгенін білмейді. Көпшілік адам денсаулығына зияны бар ма деп үрейленіп жүр. Олар аспаннан қапалақтаған ақ қылауларды әуелде қар деп ойлаған, деп хабарлайды altaynews.kz.
Тұрғындардың шағымы бойынша экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары күл басқан көшені келіп көрді.
"Экология департаментінің қызметкерлері күлді зертханаға алып кетті. Сондай-ақ тұрғындардың шағымына сәйкес жақын маңдағы "Май" АҚ кәсіпорнына тексеру жүргізіледі", — деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.