АЛАШТАНУШЫ ҒАЛЫМ «АҚ ЖОЛҒА» КЕЛДІ
2018 ж. 20 қыркүйек
2807
0
Белгілі ғалым, алаштанушы Амантай Шәріп бүгіннен бастап «Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының Кеңесшісі болып тағайындалды.
Ол енді бұдан былай партияның Алаш идеясы және Алаш арыстарын насихаттау бағытындағы жұмыстарына басшылық ететін болады.
Белгілі алаштанушы ғалымның мұндай жауапты қызметке тағайындалуы партияның негізгі бағыттарының бірін жаңа деңгейге көтеретіні сөзсіз.
Анықтама: Амантай Жарылқасынұлы Шәріп елімізге танымал мерзімді басылымдарда бас редактор, жоғары оқу орындарында проректор, ұлттық телеарнада басқарма төрағасының орынбасары және «Алаш» институтының директоры қызметтерін атқарған. Қазақстан Республикасының «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. Филология ғылымдарының докторы, профессор.