Астана қаласында сөмке ішінен адам денесі табылды
2018 ж. 15 қыркүйек
2241
0
Астана қаласының полиция қызметкерлері «Шанхай» базарының қасында сөмкеден табылған 26 жастағы әйелдің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz Астана қалалық ІІД сілмете жасап.
Әлеуметтік желіде тарап кеткен қорқынышты видеода сөмкенің ішінен әйел адамның денесін тапқан. Аталған оқиға 13 қыркүйекте кешкі сағат 8-дер шамасында «Шанхай» базарының маңында тіркелген.
«Полиция қызметкерлері керекті шараларды қолданып жатыр. Әйелдің кім екені анықталуда. Медициналық-соттық сараптама нәтижесі бойынша қинап өлтіру белгілері байқалмаған. Сот алды тергеу ісі жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.