“Назарбаев Университетінің” студенті өзіне қол жұмсады
2018 ж. 14 қыркүйек
3135
0
“Назарбаев Университетінде” студент қайтыс болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ол өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап Stan.kz.
ҚР ІІМ мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты «Өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша тергеу жүргізіле бастады.
«Назарбаев Университетінің» оқу ғимаратында 3-курста оқитын жас жігіттің өлімі фактісі бойынша ҚР ҚК 105-бабы 1-тармағына (Өзіне қол жұмсауға жеткізу) сәйкес сот алды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта аталған іс бойынша сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. Алдын ала мәлімет бойынша, студенттің өлімінде қылмыстық сипат жоқ. Жас жігіт өзіне қол жұмсаған», – дейді ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев.