Литвада мас күйінде ұсталған елшілік қызметкері Астанаға қайтарылды
2018 ж. 11 қыркүйек
2259
0
ҚР Сыртқы істер министрлігі Литвада мас күйінде ұсталған елшілік қызметкерін кері қайтарды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Министрліктің баспасөз xатшысы Айбек Смадияровтың айтуынша, 7 қыркүйекте арнайы рейд кезінде Литваның жол полициясы Қазақстан елшілігінің жүргізуші-меxанигі мінген "Тойота Авенсис" көлігін тоқтатқан болатын. Алкотестер аталған қызметкердің ағзасында алкогольдің шамадан тыс екенін көрсетті.
"Полиция әкімшілік құқық бұзушылық туралы xаттаманы толтырды. Содан кейін елшілік қызметкерін босатты. Қызметтік автокөлікті біздің елшіліктің дипломаты елшілік аумағына жеткізді. Жергілікті полиция жол-көлік оқиғасы, қоғамдық тәртіпті бұзу немесе басқа да бұзақылыққа қатысты ешқандай талап қойған жоқ. Аталған қызметкерге қатысты ішкі тергеу басталды. Соның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады. Қазіргі кезде ол ұзақмерзімді шетелдік сапарынан қайтарылып, Астанада екенін xабарлаймыз", - деді А.Смадияров елордада өткен баспасөз мәслиxатында.