Маңғыстау облысында 2 жасар баланы ит талап тастады
2018 ж. 07 қыркүйек
2119
0
Маңғыстау облысында 2 жасар баланы ит талап тастады. Оқиға Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылында болды, деп жазады tumba.kz.
Полицияның кезекші бөліміне жедел жердем қызметінің өкілдері хабарласып, 2016 жылы туған, ит қауып алған сәбиге көмек көрсетуге бара жатқандарын хабарлаған. Кейін мәлім болғанындай, үлкендердің қадағалауынсыз қалған бала аулаға шығып кетіп, онда оны ит қауып алған.
Аталған факті бойынша, полиция қызметкерлері тексеру жүргізді. Оқиғаға қатысты өзге фактілер әзірге жарияланбай отыр.