Ақан Әбдуалиев Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды
2018 ж. 30 тамыз
5008
0
Ақан Әбдуалиев Алматы облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер бойынша орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақан Әбдуалиев 1975 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2005 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияны тәмамдады.
2012 жылы Алматы экономика және статистика академиясын бітірді.
Сүйінбай атындағы филармонияда, Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде, Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында жұмыс істеді.
2008-2015 жылдар аралығында Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған арнайы мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатында еңбек етті.
2015 жылы 16 ақпанда ҚР Спорт және мәдениет министрінің бұйрығы бойынша, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болып тағайындалды. 2016 жылдың 1–ші маусымынан бастап Алматы облысының мәдениет және мұрағат басқармасына басшылық етті.