Маңғыстау облысында атыс болып, бір адам қаза тапты
2018 ж. 23 тамыз
2424
0
Манғыстау облысының Түпқараған ауданының Ақшүкір ауылында жастар арасындағы төбелестен кейін 19 жастағы жігіт қаза тапты. Оқиға 9 тамызда болған, - деп хабарлайды "Тумба".
Басылымның хабарлауынша, ауыл жастары болмашы затқа көшеде төбелес шығарған. Нәтижесінде 1999 жылғы жергілікті тұрғын ауруханаға ауыр халде жеткізіліп, комаға түсіп қалған. 12 тамызда жігіт есін жимай, ауруханада қайтыс болды.
Манғыстау облысының ІІД өкілдері жігіт оқ жарақатынан қайтыс болды деген дәйекті алға тартты. ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабы бойынша "Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру" және 99-бап бойынша 11 адам тұтқындалды", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Дереккөз: tengrinews.kz