Қазақстандық арналар Азия ойындарын неге көрсетпейді?
2018 ж. 20 тамыз
3603
0
Қазақстан телеарналары Джакартада өтетін жазғы Азия ойындарын көрсетпейді. Мемлекеттік Qazsport телеарнасының телебағдарлама кестесінде Азия ойындаының жарыстары жоқ, - деп жазады azattyq.org.
Елдегі жалғыз спорттық арна кіретін Qazaqstan телерадио корпорациясының директоры Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісінде Азия ойындарының көрсетілмейтінін, трансляция көрсету құқығын сатып алу өте қымбат болғанын айтты.
2018 жылғы Азия ойындарының ресми ашылу салтанаты бүгін, тамыздың 18-і күні Джакарта қаласында өтеді. Қазақстаннан Азиадаға 440 спортшы қатысады. Жарыстан хабар тарату үшін Азаттық тілшісі Джакартаға аттанған. Азиаданың барлық жаңалығын Азаттық сайтының арнайы парақшасынан оқи аласыздар.
Қазақстан жазғы Азия ойындарына тәуелсіз ел ретінде жетінші рет қатыспақ. 2014 жылы Инчхондағы Азия ойындарында бұл ел 28 алтын, 23 күміс, 33 қола медальмен Қытай, Оңтүстік Корея және Жапониядан кейінгі төртінші орынды иеленген. Қазақстан Индонезиядағы Азия ойындарында Инчхондағы жетістігін қайталап, үздік төрттікке енуді жоспарлайды.