Қытайдан 6 жыл бұрын келген қазақтар әлі күнге дейін азаматтық ала алмай жүр
2018 ж. 16 тамыз
3730
1
Олар бір жарым жыл бұрын өткізген құжаттарының дайын болар түрі жоқ деп ашынды, деп хабарлайды 31 арна.
Айтуларынша, Күршім мен Зайсан ауданындағы кейбірінің қағаздары жоқ болып кеткен. Амалы таусылғандар журналистерден көмек сұрап отыр.
Қымбат Бұланқызы 2012 жылы елге келіп, 4 жылдан соң азаматтық алуға құжат тапсырған. Бірақ бір жарым жылдан бері дайын болмаған. Жолдасына Қытадан берілген куәліктің мерзімі өтіп кеткен. Олар тіпті қызметкерлердің өздерімен селқос жүрп сөйлесетіндерін айтты.
“Бірінші рет бардым. 2018 наурыз айыныңы 23-і күні документ тапсырғамын. Ол кезде қабылдап алды. Күршім ауданы көші-қон полициясы Қайрат. Қабылдап алып, қайтып үш айдан кейін документім қайтып келді. Сенің оралман куәлігің ұзармапты депһ”, – дейді Күршім ауданының тұрғыны Асқарбк Өзбекұлы.
30 шақты отбасы жұмыссыз. Ақшасыз қалған олар, қайда тұрарын білмей дал.
“9 айдың 16-сы берге толса, мен оның әлеуметтік ақысын да ала алмайтын болдым. Не жұмысқа тұрған емес. Үш баламен күйеуім үйде. Ешқандай жағдайымыз жоқ. Басымызда үй де жоқ. Біздің мал да жоқ. Туысымыздың үйінде жатырмыз”, – дейді Күршім ауданының тұрғыны Нағзат Әмейқызы.
Бұл мәселені бүгін естіген облыстық ішкі істер департаментіндегілер жергілікті бөлімшелерінің жұмысына тексеру жүргізбек.
“Бұл кісілер заңға сәйкес құжаттарын толық өткізулері қажет. Егер де сіз айтқандай өтініштер болса, бізге келіп хабарласуларына болады”, – дейді ШҚО ІІД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы Назгүл Жұмахан.
Құзырлы орган өкілдері оралмандардың азаматтықтан шықты делінген анықтаманы алу үшін Қытай еліне бармай-ақ, Қазақстандағы елшілігіне баруы керек екенін айтты.