Өскемендік жүргізуші жол жөндеушілерден жарты миллион теңге өндіріп алды
2018 ж. 15 тамыз
1954
0
Көлігі жолдың шұңқырына түсіп кеткен өскемендік азамат сотқа шағымданып, жол қызметінен жарты миллион теңге өндіріп алды, деп хабарлайды Аltaynews.
Қалалық соттың хабарлауынша, жүргізуші көлігім қатты зардап шекті деп «ҚазАвтоЖол» АҚ үстінен шағым түсірген. Жалпы материалдық шығынын 622 511 теңгеге бағалап, оған қоса 150 мың теңге сот шығынын талап еткен.
Сот барысында қос тарап медиацияның көмегімен келісімге келді. Жол қызметінің өкілдері жапа шегушіге 520 000 теңге өтемақы төлеуге уәде етті. Сот ісі солай тәмам болды.