Денис Тенге кімнің пышақ салғаны анықталды
2018 ж. 24 шілде
5271
0
Күдіктілердің бірі Денис Тенге сұққан пышағын жасырған жерді көрсетті. Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір қалалық ІІД тергеу басқармасы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу ісін жүргізіп жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов өз қылмыстарын толық мойындады.
"Күдікті Құдайбергенов Арман тексеру кезінде суық қару жасырынған жерді көрсетті. Пышақ қылмыстық іс материалдарына қосылды. Аталған іс бойынша бірқатар сараптама: молекулярлы-генетикалық, қарудың медициналық-криминалистикалық, медициналық-биологиялық сараптамасы, сот медициналық сараптама тағайындалды. Бетпе-бет кездесу барысында Қиясов Нұралы Денис Тенге пышақ салғанын мойындады", - делінген хабарламада.