Сарыағаш ауданында өртенген көлік ішінен үш жасар баланың денесі табылды
2018 ж. 09 шілде
3723
0
Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жемісті ауылында төрт үй өртеніп кетті, үй аулаларының бірінде тұрған өртенген көлік ішінен үш жасар баланың денесі табылды. Бұл туралы Otyrar.kz хабарлады.
Оқиға 6 шілдеде болған. Өрт туралы хабар жергілікті уақыт бойынша 13.23-те түскен.
"Үй аулаларының жабық ауласында ВАЗ-2106 көлігі өртенген, оның салонында 2015 жылғы бала өлі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - делінген өңірдегі төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өртенген үш үйдің аумағы 436 шаршы метр, төртінші үйдің шатыры өртенген, оның ауданы - 96 шаршы метр. Өрт 14.43-те ауыздықталып, 16.03-те сөндірілген. Оқиға орнында 17 қызметкер мен үш дана техника жұмысқа тартылған.