Қызылордалық тұрғын самаурын үшін көршісін сотқа берді
2018 ж. 06 шілде
6362
0
Қызылорда облысының Сексеуіл кентінде қоймадан ұрланған екі самаурыны үшін жергілікті тұрғын өзінің ауылдасын сотқа берген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Осының салдарынан жәбірленушіге 20 мың теңге шамасында залал келген. Самаурынын қолды болған тұрғын бұл мәселені сот арқылы шешуді жөн санап, аудандық сотқа жүгінді.
Аудандық сот «Медиация туралы» заң бойынша екі тарапты татуластырды. Сотталушы Қылмыстық кодекстің 68-бабының 1-бөлігінің талабына сай қылмыстық жауаптылықтан босатылды. Іс өндірістен қысқартылды.