Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды
2018 ж. 30 маусым
1227
0
Олжас Сүлейменовтің немересі қаза тапқан жол апатының видеосы пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеожазбаны ҚР ІІМ баспасөз қызметі ұсынып отыр. Видео кадрларынан Мәңгілік Ел мен Жәнібек Керей хандар көшелерінің қиылысын көруге болады. Айта кетейік, мұның алдында ІІД өкілдері қыздың есімін жариялаған - Малика Мұхитова, ол 1989 жылғы.
Еске салайық, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендірдің қаза тапқан жол апаты Астанада 22 маусымда Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген.