ҚР Президентінің Жарлығымен Ғабидулла Рахметоллаұлы Әбдірахымов Шымкент қаласының әкімі болып тағайындалды. Ал, қала активіне жаңа әкімді ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев таныстырды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент әкімі тағайындалды
2018 ж. 20 маусым
4043
3
Б. Сағынтаев Шымкенттің бұған дейінгі басшысы Нұрлан Сауранбаевқа қаланы дамыту барысында жасаған жұмыстары үшін алғыс білдірді.
Айта кетейік, Ғабидулла Рахметоллаұлы Әбдірахымов бұған дейін 2015 -2017 жылдар аралығында Шымкент қаласы әкімінің қызметін атқарған.
Ал, 2017 жылы 31 қазанда «Нұр Отан» ХДП хатшысы болып қызметін ауыстырады.
Сонымен, Ғабидулла Әбдірахымов Оңтүстік Қазақстан облысы Кирово ауылында 1975 жылы 23 қаңтарда дүниеге келген.
1996 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, 1999 жылы Неміс мемлекеттік басқару жоғары мектебін бітірген. 1
1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті. 1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.
2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-министрі кеңсесінің басшысы.
2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.
2013-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар.