Министрлік менингитпен күресте кешірілместей сылбырлық танытуда - ТОҚАЕВ
2018 ж. 05 маусым
3760
1
Министрлік менингитпен күресте сылбырлық танытып отыр. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі менингитке қатысты жағдайға қатысты осындай пікір білдірді. Бұл туралы спикер бүгін өзінің Твиттердегі парақшасында жазды.
«Менингитпен күрестің қазіргі жағдайы сын көтермейді. Құзырлы министрлік кешірілместей сылбырлық танытып, батыл қадамға бара алмай отыр. Сенат депуттары Үкіметке сауал жолдайды», - деп жазды Сенат төрағасы.
Естеріңізге сала кетейік, кеше елдегі менигитпен байланысты жағдай бойынша баспасөз мәслихатын өткізген ҚР Денсаулық сақтау минитрі Елжан Біртанов 2018 жылы елімізде 12 адамның аталған аурудан қайтыс болғанын айтты. Сондай-ақ министр елде менингитке қарсы вакциналау жұмыстары жүргізілмейтінін жеткізді.