Азат Перуашев «АZALA» компаниялар тобы және «Жасампаз» консорциумы кәсіпорындарының жұмысымен танысты
2018 ж. 28 мамыр
2285
0
Ағымдағы жылғы 25 мамыр күні Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының бірқатар басшыларымен және фракцияның депутаттарымен бірге Шымкенттегі «AZALA» компаниялар тобының тоқыма кластеріне кіретін кәсіпорындарда және «Жасампаз» консорциумында болып, компания басшылығы мен еңбек ұжымдарымен кездесті.
«Ақжолдықтар» кәсіпорындардың жұмысымен танысып, кәсіпкерлермен мемлекеттік қолдаудың қажетті шараларын қоса алғанда, өндіріс үшін коммуналдық қызметтерге тарифтерді субсидиялау, мемлекеттік сатып алулар шеңберінде отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау мүмкіндігі мәселелерін талқылады.
Бірлестіктің директоры Гүлнара Садықбекова кәсіпкерлер партиясының өкілдеріне кластердің экономикалық көрсеткіштерін таныстыра отырып, өндірістегі кейбір кедергілер туралы айтып берді.
«Ақ жол» фракциясының депутаттары әріптестеріне нақты ұсыныстарды әзірлеуді ұсынды және оны пысықтап зерделегеннен кейін Мәжілістің қарауындағы «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныс тапсырысы туралы» заң жобасына енгізуге бастамашылық етуге дайын екендігін білдірді.
Сонымен қатар, кәсіпорындарды аралаған іс-сапарға партия төрағасының орынбасары Қ.Иса, Мәжілістің 6 шақырылымының депутаты Е.Барлыбаев, Мәжілістің 5-ші шақырылымның депутаты А. Тұртаев, Партия Орталық кеңесінің мүшесі А.Смағұлов және «Ақ жол» ҚДП Оңтүстік-Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Әбжанов та қатысты.
Дәл сол күннің кешінде Түркістан қаласында партияның Орталық Кеңесінің пленумы өтті.