Сәбилянов: Кейбір қазақстандықтардың тұрғын үй кезегінде тұрғанына 20 жылдан аса уақыт өтті
2018 ж. 25 мамыр
6635
1
ХХ ғасырдың 90-шы жылдарында кезекке тұрған азаматтарды ең алдымен баспанамен қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын іске асыру барысы» тақырыбында өткен жатқан дөңгелек үстел отырысы барысында депутат Нұртай Сабильянов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап "Қазақ үні" тілшісі.
«Нұрлы жер» аса қажетті бағдарлама. Өйткені, бұл қоғамдағағы ең үлкен, өзекті мәселе халықтың тұрғын үйге деген мұқтаждығын шешетін бағдарлама деп ойлаймын. Осыған байланысты біріншіден, жобалық-сметалық құжаттарды уақытында әзірлеуге, сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасына бөлініп жатқан қаражатты мақсатына сай, тиімді жұмсалуына ерекше назар аудару керек», - деді мәжіліс депутаты.
Оның айтуынша, екіншіден, салынып жатқан тұрғын үйлерінің құрылыс сапасын қамтамасыз ету қажет. Яғни, салынған пәтер сапалы болуы тиіс. Осыған байланысты тұрғын үйді салып жатқан мердігерлердің де жауапкершілігі арттыруы керек.
«Сонымен қатар қазіргі кезде тұрғын үй кезегінде тұрған баспанаға мұқтаж азаматтар бар. Олардың бірқатары 20 ғасырдың 90-шы жылдарынан, кейбіреулері 21 ғасырдың басынан кезекте тұрған. Сондықтан 90-95 жылдары кезекке тұрған азаматтарды бірінші кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етуге ерекше назар аударып, оған қаражат көп бөлінуі тиіс. Кейін тұрғандарды одан соң рет-ретімен қамтамасыз етуіміз қажет»,- деді Нұртай Сабильянов.