Алматыда Қытай қазақтарының жағдайына қатысты дөңгелек үстел өтті
2018 ж. 22 мамыр
5167
1
2018 жылдың 22-мамырында Алматыдағы «Қазақстан» қонақ үйінде «Қытайда жазықсыз қамалып шыққан азаматтардың Елбасына, ҚР СІМ-ге және Ақпарат құралдарына АЛҒЫС айтуы» атты дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында Қытайда жазықсыз қамалған 8 азаматтың жұбайлары азаматтарының із-түссіз кеткендігін, балаларына өздері бас-көз болумен бірге таусыла күтіп отырғандығын баян етті.
Дөңгелек үстелде талай азапты басынан өткеріп келген Қайрат есімді қандасымыз қамауда қалай күнелткенін баяндады. Оның айтуынша, өзінің қудалау көруінің себебі Қазақстандағы бауырларымен байланысы болғандығында ғана екен.
Шараның мақсаты - осы мәселеге қоғам мен билітің назарын аудару.
Ұлмекен Лесбекова,
Қазақ үні