Үш адам көз жұмды: Алматыны менингит дерті жайлағаны рас па?
2018 ж. 22 мамыр
3450
2
Соңғы бірнеше күнде менингиттен 3 адам мерт болды. Оның бірі бүлдіршін, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.
Менингит ауруымен зардап шекті деп күдіктелген 50-ге жуық адам емханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер алаңдайтындай қауіп жоқ деп жайбарақат отыр.
Дерт Алматыда тарады деген суыт хабар сенбі күні жаряланды. Желіде 7 адамның көз жұмғаны да айтылды. Алайда денсаулық сақтау басқармасының бүгінгі жиынында менингиттен 3 жанның көз жұмғанын айтылды.
«Бала мен бір ересек адам бірнеше сағат ішінде менингококтық инфекцияның жедел түрде болған. Екінші адамның өліміне органдық жетіспеушілік және иммунитеттің төмендеуі себеп болған. Барлық өлім жітім жағдайы әртүрлі уақытта тіркелген және бір бірімен байланысты емес», – дейді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова.
Менингокот бактерия қоздыратын терт түрі. Оның ешқандай белгісі байқалмауы мүмкін. Алматы мектептері мен балабақшаларда оқушыларды тексеретін арнайы фильтрлар қойылып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі дертті жұқтырудан сақтанғысы келетіндерге арнайы екпе жасатуға кеңес берді. Алайда екпені бағасы қымбат. Былтырғы бағасы – 22 мың теңге болған.